Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бауырмалдық – басты қасиет

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 06.02.2020 3370 0 пікір
Бауырмалдық – басты қасиет

Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Торғай ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде оқушылармен кездесу өтті.

Оған сол өңірге жұмыс сапарымен келген Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Дархан Қосылбаев қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға «Бауырмашылдықтың негіздері» деген тақырып төңірегінде насихат айтылды. Сондай-ақ бұл жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері, мектеп ұстаздары да қатысты. Айтылған әңгіме негізінде оқушылардың ой-пікірлері, таным-түсініктері тыңдалып, олардың қойған сұрақтарына жауап та берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру