Жуырда Қостанай облысының Науырзым ауданында орналасқан «Түркебай ата» мешітінің имамы Есет Ғабдімәлковтің ұйымдастыруымен «Рухани жеті қазық» атты жастар конференциясы өтті.
Аталмыш шараға аудан прокуроры және ақсақалдар алқасының мүшелері мен аудан жастары қатысты.
Жиында ҚМДБ қабылдаған «Жеті рухани қазық» құжаты талқыланып, жастардың дінге бет бұрысы, елді, жерді, отанды сүюге тәрбиелеу жөнінде сөз болды. Сонымен қатар ауданның экономикасын көтеру үшін жұмыла еңбек ету қажеттігі де айтылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сай 2020 жыл «Еріктілер» жылы деп аталғаны белгілі, сол себептен «Жалында Қарамеңді» деген атаумен қоғамдық топ құрылды. Келешекте бұл топтың жұмысын барынша жандандыру жайы баяндалды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
06.02.2020
3089
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру