Жақында ҚМДБ-ның «Әйелдер-қыздар» секторы БҚО бойынша жетекшісі Анар Демеутованың бастамасымен Орал қаласында «Асыл тәжім – Орамал» атты рухани кеш өтті.
Рухани кеш Қасиетті Құранмен басталып, мешіт ұстазы Анаргүл Темірболатқызы кешке жиналған жамағатты аталмыш ерекше күнмен құттықтап, «Орамал» турасында ғибратты әңгіме айтып, барша келген аруларға алғысын білдірді.
Әрмен қарай әсерлі қойылым көрсетіліп, қаламыздың ең жақсы деген косметологы бетті күтудің жолдарын көрсетіп, психолог өз тәжірибесімен бөлісіп, көрермен қойған сұрақтарға жауап берді. Асыл тәждей болған орамалымызды әдемі етіп тағудың жолы, арнайы орамал тағудан шеберлік класс көрсетіліп, имандылық пен инабаттылықтың көрінісіндей болған «Фатима» коллекциясы көрерменге ұсынылды.
Нашид айтылып, орталық мешіттің ұстазы Назгүл Медерқызы орамал туралы жүрек тебірентер жыр арнап, орамал турасында уағыз айтты. Кешке келген қонақтарымызбен ойын ойнатылып, нәзік жандыларымыз кештен алған әсерлерімен бөлісіп, өз алғыстарын білдірді. Кеш соңында арнайы дайындалған фуршеттен дәм татып, орамал, косметика, қолөнер шеберлерінің туындысымен танысып, орамалды аруларымыз әсерлі де әдемі көңіл-күймен тарасты.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
06.02.2020
3914
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру