Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Бекет Ата» мешіті мобильді қосымшаны іске қосты

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 06.02.2020 3936 0 пікір
Маңғыстау: «Бекет Ата» мешіті мобильді қосымшаны іске қосты

Маңғыстау облыстық «Бекет Ата» орталық мешіті «Діни кітаптар» атты мобильді қосымшасын көпшілік назарына ұсынды.

Жаңадан жасақталған мобильді қосымшада асыл дінімізге қатысты 60 кітап қамтылған. Өзіңіз қалаған кітап түрін таңдап оқуыңызға мүмкіндік бар.

«Мұның ерекшелігі – мобильді қосымшаның көлемін азайту және кітапты оқуға ыңғайлы болу мақсатында кітаптар онлайн түрде оқылады. Кітаптардан өзіңізге қажет кез келген сөзді іздеуге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, кітаптың кез келген бетіне оңай өтіп, керегіңізді тауып, оқи беруіңізге болады. Барлығы Әбу Ханифа мәзһабына сай негізделген» дейді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру