Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Инабат» қыз-келіншектер клубы «Әлжан ана» мешіті жанындағы қыздар медресесіне қайырымдылық жасады.
Оқу орнына бас мешіт тарапынан біршама азық-түлік жеткізіліп, ілім алып жатқан шәкірттерге қол ұшын берді. Сондай-ақ, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Аягөз Жұмабекқызы мен «Инабат» клубы жетекшілері медресе шәкірттеріне ақжарма тілектері мен жылы лебіздерін білдіріп қайтты.
Басқосу соңында шәкірттерге клуб атынан кітаптар сыйға берілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
http://muslim.kz/
05.02.2020
3754
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру