Қызылорда облысындағы «Айтбай» мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай қала мешіттері жамағаты арасында үстел теннисінен достық кездесу өтті.
Отыз жылдыққа «30 игі шара» акциясы аясында ұйымдастырлған жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жамағаттың бірлігін арттыру, толеранттылық қалыптастыру.
Сайысқа арнайы келген ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, «Айтбай» мешітінің бас имамы Нұржан Керімбеков қала мешіттері жамағатынан құралған 11 командаға сәттілік тіледі.
Жарыс нәтижесінде бірінші орынды «Айтбай» құрамасы (30 000 теңге), екінші орынды «Қазалы» құрамасы (20 000 теңге), ал үшінші орынды «Нұр» құрамасы (10 000 теңге) иеленді. Жеңімпаз командалар сондай-ақ кубок, медаль және дипломдармен марапатталды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
05.02.2020
3106
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру