Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рудный: Білім ордасындағы басқосу

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 05.02.2020 2898 0 пікір
Рудный: Білім ордасындағы басқосу

Рудныйдағы №19 орта мектепте «Діни сауатсыздық зардабы» атты кездесу кеші өтті. Шарада ақпараттық түсіндіру жұмысы баяндалды.

Басқосуға қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкері, мектеп директоры, ұстаздар мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Қаланың бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы білімнің құндылығы жөнінде айта келіп, жас өрендерге  имандылықты арттырып, өнегелі өмір қалыптастыруға септігі тиетін жайларға кеңінен тоқталды. Қазіргі таңда белең алып тұрған жат ағымдардың да қоғамға зияны туралы айта келіп, жастарды одан аулақ болуға шақырды.

Кездесу барысында оқушылардың ой-пікірлері, көзқарастары  тыңдалып, сұрақтарға нақты жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру