Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы «Ұранхай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен Еріктілер жылына байланысты мешіт жанынан «Ақсуат ерікті жастары» тобы құрылды.
«Ұранхай қажы» мешітіне жиналған ерікті жастармен кездескен мешіттің бас имамы Айдын Жортымов: «Президентіміз 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Мешіт қызметкерлері ерікті ретінде әр саладағы іс-шараларға ұйытқы болып келеді. Біз бұл бастаманы қуана қолдаймыз. Дінімізде әр мұсылман қиналғанға қол ұшын беріп, сауапты іске бастамашы болуы тиіс. Осы мақсатта ерікті жастардың басын қосып, алдағы шаруаларымызды ақылдасып отырмыз» дей келе, қайырлы іс жасаудың сауабы жайлы жастарға тағылымды әңгіме айтып берді.
Жиында ерікті жастар да өз ұсынысын білдірді. Бұдан соң еріктілер қайырымдылық, қарттарға көмек, әлуеметтік мекемелерге қамқорлық қатарлы бірнеше топқа бөлініп, қызметін бастап кетті. Бір топ ерікті қариялардың ауласының қарын күреп, ақсақалды ата мен ақ жаулықты әженің ақ батасын алды.
Қазіргі таңда өңірдің мешіттерінде еріктілер тобы құрылуда. Бұл бастама аймақ жұртшылығы тарапынан зор қолдау тауып отыр.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
05.02.2020
3294
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру