Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр имамдары семинарға қатысты

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 05.02.2020 3005 0 пікір
Сыр имамдары семинарға қатысты

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр имамдарына арналған семинар өтті.

«Діннің тұтастығы – елдің тұрақтылығы» тақырыбында өткен шараның басты мақсаты – теріс ағымның алдын алу және онымен күресті күшейту. Семинарға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мен облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Толыбайұлы арнайы қатысты.

Имамдардың жауапкершілік жүгін сезініп, тұрақты дамып әрі біліктілігін үнемі артырып отыруы – қазіргі заман талабы. Семинар жоспарына сәйкес, облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов, директордың орынбасары А.Боранбаев, теолог Ж.Дәрібаев, Нұр-Мүбарак университетінің 4-курс студенті А.Кенжалы баяндама жасады. Олар «Дін тұтастығы – ел тұрақтылығы», «Зайырлылық және дінаралық қағидаттардың арақатынасы», «Теріс ағым идеологиясының зардабы», «Әлеуметтік желі әдебі», «Имам Әбу Ханифа мен Матрудидің пікір сабақтастығы» тақырыптары бойынша дәріс оқыды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру