Қостанай облысының Жергілікті ақпараттық насихат тобының (ЖАНТ) мүшесі, Рудный қалалық Нұр мешітінің Бас имамы Азамат Мырзаханов Қарабалық ауданына барды.
Ол алдымен мешіт жамағатымен кездесіп, «Шынайы мүміннің келбеті» тақырыбында жиналғандарға уағыз-насихат айтты. Одан кейін Агротехникалық колледжде оқытушы-ұстаздармен жүздесті. Мұнда «Дін және қоғам» тақырыбында әңгіме өрбітті. Сондай-ақ тыңдармандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Азамат Серікбайұлы бұдан бөлек осы сапарында аудандық ішкі істер қызметкерлерімен де кездесіп, өзекті мәселе «Экстремизм және терроризм» хақында жан-жақты ақпарат берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
05.02.2020
3268
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру