Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: Оқушыларға Абай тағылымы насихатталды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 04.02.2020 3027 0 пікір
Абай-175: Оқушыларға Абай тағылымы насихатталды

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Ақжар ауылдық «Байжігіт баба» мешітінің наиб имамы Мұса Жәлел ауыл мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті.

Жиынға оқушылармен қатар ұстаздар да қатысып, тағылымды әңгіме тыңдады. М.Жәлел оқушыларға Абай тағылымы және ата-ананы сыйлаудың маңыздылығы туралы насихат айтып берді.

«Абай халқымыздың данышпаны. Абай атамыз жасынан медреседе білім алып, өмірлік ұстанымы асыл дініміздің құндылықтарымен ұлттық тәрбиенің негізінде қалыптасқан. Абайдың өлеңдерімен қара сөздері даналыққа толы» деген Мұса Жәлел Абайды оқу, қара сөздеріне зер салу туралы насихат айтты. Наиб имам кездесуде оқушылармен мұғалімдердің сауалдарына жауап берді.

Оқушыларға айтып берген тұшымды әңгімесі білім ордасының басшылығы үшін наиб имамға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру