Ақтөбеде қалалық «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының ұйымдастыруымен қыздар арасында волейбол жарысы өтті.
Бұл сайысқа облыстық және қалалық мешіт жанындағы әйелдер діни сауат ашу курстарының шәкірттерінен құралған 2 команда қатысты. «Әйел-қыздар секторының» Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі Кенжегүл Қошқарованың ұйымдастыруымен қалалық әйелдер сауат ашу орталығынан – «Мүслима» тобы, ал «Нұр Ғасыр» мешітінің қыздарынан «Ізгілік жастары» волонтерлік топтары құрылды. Аталмыш волейбол жарысына әзірлік барысында еріктілердің арнайы киім формасы әзірленіп, тіктірілді.
Тартысты додада «Ізгілік жастары» және «Мүслима» командаларының ойыншылары кәсіпқой спортшыларға дес бермей, соңына дейін тайталасып, тартымды ойын көрсетті. Жарыс нәтижесінде «Ізгілік жастары» алғыс хатпен марапатталды.
Бұл сайыстың ерекшелігі: спорттық додаға қатысатын 18 команданың әрқайсысы 6 мың теңгеден жарна төлеп, бұдан түскен қаржы Ақбота есімді үш жасар сәбидің сал ауруынан емделуіне аударылды.
Осы жарыстан жақсы әсер алып, шеберлігін шыңдаған жамағат командалары алдағы уақытта спорттық іс-шараларға жүйелі түрде белсене қатысуға ықылас танытты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.02.2020
3332
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру