Өткен боранды күндері Қостанай облыстық мешітінің арнайы тапсырмасы негізінде өңірдің барлық мешіттерінде «Қайырымды жұма» акциясы ұйымдастырылды.
Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде азаматтардың белсенділігі арқасында мешіттерге келген жамағатты жеңіл көліктермен үйлеріне тегін тасығанын айта кеткен жөн. Мұндай құрметке ие болған кісілер оларға жүректерінен шыққан шынайы алғысын білдірді.
Мәселен, Рудный қалалық «Нұр» мешітінің жаңадан тағайындалған бас имамы Бектұрсын Уәлиевтің тікелей ұйытқы болуымен «қайырымды жұма» акциясы да жергілікті халыққа ұмытылмас әсер қалдырды. Мешіт жамағатынан құрылған еріктілер тобы 25 автокөлікпен намаздан кейін жамағатты үйлеріне жеткізіп салды.
Сондай-ақ мешіт ауласында арнайы ыстық палау әзірленіп, барша келуші үлкенді-кішілі қауымға таратылды. Меңдіқара аудандық «Зұлқарнай Мұса қажы» мешітінің бас имамы Қошан Еркебұланның да ұйымдастыруымен және демеушілердің қолдаумен мұқтаж жандарға ет азығы үлестірілді.
«Негізі осындай игі істермен жарысу өте жақсы іс. Ал оны әрбір азамат Алла тағаланың ризалығын алу мақсатында жасаса сауаптан болады» - дейді ұйымдастырушылар.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
04.02.2020
3043
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру