Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам Мұнайлы ауданының жамағатымен жүздесті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 04.02.2020 3196 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам Мұнайлы ауданының жамағатымен жүздесті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе-2 елді мекенінің «Мұстафа» мешітінде болып, жамағатпен жүздесті.

Кешкі жүздесуге Мұнайлы ауданының имамдары да қатысты. Кездесуде бас имам «Тазалық – иманның жартысы» деген хадис-шәрiпке тоқтала келе, мешіт әдебін сақтаудың және жаңадан салынған мешіттің ішкі және сыртқы ауласының тазалығына аса назар аударудың маңызы жайлы айтып өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық тарихынан да сыр шертілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру