Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Маралдыда азан жарысы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 03.02.2020 2909 0 пікір
ШҚО: Маралдыда азан жарысы өтті

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы «Маралды ауылдық мешіті» азан жарысын өткізді. Іс-шара ҚМДБ-ның 30 жылдығына арналды. Сайысқа аудандық және ауылдық мешіттердің шәкірттері қатысып, азан айту шеберліктерін сарапқа салды. Ауыл мешітін бір сәт ғажайып үн азан әуені тербеді.

Іс-шараны өткізудің мақсаты туралы «Маралды ауылдық мешітінің» бас имамы Дидаш Бақытбек: «Азан үні хикметке толы исламның бір кереметі саналады. Азан тыңдаған адам бар мұңын ұмытып, жан дүниесі рахат күй кешеді. Біз бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз шәкірттерідң азан айту шеберлігін шыңдау, ынталандыру» деп айырықша атап өтті.

Сайысқа шәкірттер аса ынталы қатысты. Азан жарысынан бас жүлдегер смартфонмен басқа жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен сыйланды.

Марапаттау шарасында қатысқан Күршім ауданының бас имамы Т.Соян жүлдегерлерді құттықтап, азанның кереметі жайлы насихат айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру