Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Түзету мекемесінде теңбіл доп жарысы өтті

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 03.02.2020 2859 0 пікір
Қостанай: Түзету мекемесінде теңбіл доп жарысы өтті

Қостанай облысы Жітіқара ауданында орналасқан «Қара бүркіт» аталатын УК 161/3 санды Түзету мекемесінде ҚМДБ-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай футболдан жарыс өтті.

–Бұл жердегі жазасын өтеушілердің барлығы дерлік – өмір бойы бас бостандығынан айрылғандар. Олардың ішінде намазхандар да бар. Мешіт тарапынан аалмыш мекемеде имандылық дәрістері жүргізілуі бір жүйеге қойылған. Себебі «тарс» жабылған темір тор, сұрланған қабырға, бозарған жүзді Ислам діні ғана нұрландырары хақ. Осындағы жандардың жанына жылық ұялату мақсатында және 2020 жыл ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай жарыс ұйымдастырдық, - дейдә Жітіқара мешітінің бас имамы М. Бердіғожин.

Жарысқа мешіт жамағаты, жазасын өтеушілер және әскери қызметкерлер мен полиция өкілдерінен құралған командалар қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерге алғысхат пен марапат табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру