Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорғанда ҚМДБ 30 жылдығына арналған спартакиада өтті

taglym.kz 03.02.2020 3303 0 пікір
Талдықорғанда ҚМДБ 30 жылдығына арналған спартакиада өтті

Еріктілер жылы және ҚМДБ-ға 30 жылдығына 30 игі іс-шара аясында Алматы облысы дене шынықтыру, спорт басқармасы, Жастар саясаты жөніндегі басқармасы және ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің жамағаттары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлікті шыңдау мақсатында «Жарасымды жамаға»т атты 2020 жылғы қысқы спартакиада болып өтті.

Шаңғы жарыс – ерлер 2,4 шақырым, ал, әйелдер 1,2 шақырым қашықтыққа жарысты. Аталмыш жарыста жүлделі орындар белгілі болды. 1-орын Нұрғалиев Дамир иеленсе, 2-орынды Михеев Алексей, 3-орынды Рыспаев Бауыржан, 4-орынды Жазылбеков Бауыржан, ал 5-орынды Беляков Анатолий иеленді. Сондай-ақ бүгін 67 жасқа толып, жарысқа қатысқан Рамазанов Жұмабекке де сыйлық табысталды.

Көңілді эстафета – Командалық эстафетаға 6 команда "Иман", "Нұр", “Жетісу", Еркін", "Көктал" мешіттерінің жамағаттары және Талдықорған қаласындағы қарилар даярлау орталығы шәкірттері қатысып, "шаңғы жарыс, қаппен секіру, баллон тарту, таяқпен доп алып өту, кедергіден шаңғымен өту" сынды сынақтардан өтті. Жалпы командалық есеп бойынша 1-орын “Еркін” мешіті жамағаты, 2-орын “Иман” мешітінің жамағаты, ал, 3-орын “Жетісу” мешіті жамағатына тиесілі болды. 

Жеке сайыстар – садақ атудан жарыс және толағай күрестен бәсеке қыза түссе, бұдан бөлек, отбасылық қысқы серуенге шыққан жамағатқа серуенге арналған аттар, атшаналар мен мотошаналар тегін қызмет көрсетті. 

Жарысқа жиналған барша қатысушылар мен көрермендерге түскі уақытта арнайы ас және ыстық шаймен қамтамасыз етілді.

Жарасымды жамағаттың жарысқа қатысу нәтижесі бойынша жүлделі орынға ие болған кісілер арнайы тағайындалған грамоталар, медальдар және тұрмыстық техника сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру