Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имам Жаңақорған ауданында сапарда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 03.02.2020 3009 0 пікір
Қызылорда: Бас имам Жаңақорған ауданында сапарда

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Жаңақорған ауданында іс-сапармен болды.

Сапар барысында Жаңақорған аудандық мешітінде "Еңбегімен ер сыйлы" тақырыбында жұма уағызын айтып, жұма намазын бірге оқыды.

Ал кешкі құптан намазының уақытында аудандық «Һусамаддин Сығанақи» мешітінде  жергілікті жамағаттармен кездесу өткізді. Аудан тұрғындарымен сұхбаттасу барысында жат ағым зардабы мен зияны жайлы және діндегі бауырмалдық пен көркем-мінезділік турасында насихат айта келе, ынтымағы жарасқан жамағат - әрдайым берекенің ұйытқысы екенін жеткізді. Кездесу соңында аймақтағы діни ахуал деңгейіне қатысты жамағаттың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.

Сонымен қатар, бас имам ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имамдарымен кездесіп, жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы мерейтойларына және еріктілер жылына орай және теріс ағымның алдын алу бойынша діни басқарма  мен өкілдік тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс атқарып, қызметтеріне жауапкершілікпен қарауларын тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру