ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Талдықорған өңіріне қарасты Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында және бір отбасының шырағы жанды.
Жарлыөзек округінің бас имамы Едіге Төлешовтің мұрындық болуымен жоба аясында осы бір ауылда ғана осымен үш үй берілді. Бұл жолы білім ордасының аула сыпырушысы болып қызмет ететін, өзі ІІ топтағы мүгедек, үш балалы Талғат Қабдолданов есімді азаматтың отбасына 5 бөлмелі баспана кілті табысталды.
Өз кезегінде бұл жоба бойынша берілген 175-баспана болып отыр. Жақсы жобаның жалғаса беруіне үлес қосар жомарт жүректі жандар қатары арта берсін!


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры өкілдігі
02.02.2020
3189
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру