Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Шағын футболдан чемпионат басталды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 02.02.2020 2706 0 пікір
Ақтөбе: Шағын футболдан чемпионат басталды

Ақтөбе Хромтау ауданы әкімдігінің қолдауымен шағын футболдан «Хромтау Әуесқой Футбол Лигасы» басталды. «Жоғарғы Лига» және «Бірінші Лига» арасында өткізілетін чемпионатқа 15 команда қатысып жатыр.

Хромтаудың әуесқой спорт клубтары және түрлі мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың командалары қатысып жатқан біріншілікте аудандық мешіттің бас имамы Алмат Әли бастаған белсенді жамағаттан құралған «Нұр» командасы «Жоғарғы лигада» ойнайды.

Айта кету керек, төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан спорттық сайысқа «Нұр» командасы тұрақты түрде қатысып келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шағын футболдан өтетін әуесқойлар біріншілігі жергілікті тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған және 17 наурызға дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру