ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Семей қалалық Тыныбай мешітінің бас имам қызметіне тағайындалды.
ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлы жұма намазы алдында Тыныбай мешітінің ұжымы мен жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.
Ал бұған дейін Семей Тыныбай мешітінде имам болған, саналы өмірі мен бар білімін Тыныбай мешітінде дін исламның өркендеп, дамуына арнаған дін қызметкері Біржан Аманжолұлы алдағы уақытта «Қос мұнаралы» орталық мешіттің наиб имамы ретінде жұмысын жалғастыратынын айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
02.02.2020
3313
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру