Маңғыстау облыстық «Бекет Ата» орталық мешітінің ауласында жаңа заманауи үлгіге сай дәретхананың құрылыс жұмысы аяқталып, жамағат қолданысына берілді.
Бірнеше айға жалғасқан құрылыс жұмыстарына жанашыр жамағат, жергілікті кәсіпкерлер демеушілік етіп, қолдау білдірді. Дәретхананың іші кең, жарық, барлығы заманауи үлгіде жасалған. Жылы және суық су бар, инфрақұрылымдар толық тартылып, жылыту жүйесіне дейін жүргізілген.
Игі іске атсалысқан барша жомарт та жанашыр жандарға Алла разы болып, мол сауаптан жазғай! Өйткені, намаз кілті – дәрет болатын болса, дәрет алар орынның да тұрмысқа бейімделе отырып, жаңартылуы, ондағы тазалық пен ұқыптылықтың сақталуы соншалықты маңызды болмақ.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
02.02.2020
3010
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру