ҚМДБ-ның құрылғанына 30 жыл толуына орай Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби қажы Оспанның ұйытқы болуымен облыстық, қалалық және аудандық мешіттерде «30 игі шара» жоспары аясында белгіленген іс-шаралар белсенді түрде қолға алынуда.
Бұл бағытта қалалық мешітте соңғы кездері қасиетті жұма намазына келетін мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артып, күннен-күнге көбейгені ескеріліп, сауапты іс атқарылуда. Жылдың алғашқы айында Ақтөбе қаласының бас имамы Амантай Садиевтің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға және қарт кісілерге арнайы дәретхана салу ісі қолға алынып, тез арада тиянақты орындалды.
Осылайша, қаңтардың соңында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде мүмкіндігі шектеулі жандарға және қарт кісілерге арнайы дәретхана жасақталып, іске қосылды. 2-3 адамға арналған орында, бұдан былай ешқандай кедергісіз жуынып-шайынуына бар мүмкіндік қарастырылған. Қариялар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық жасалып, құлшылықтарын қиындықсыз атқаруына барынша қолайлы жағдай туғызылып отыр.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
31.01.2020
2841
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру