Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №5 қоғамдық даму, мәдениет және спорт жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен қала мешіттері имамдарының біліктілігін арттыруға арналған «Қазақстандағы дін саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Алматы мешіттерінің елуге тарта діни қызметкері қатысқан жиынды қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Құсман Шалабаев жүргізіп отырды. Басқосуда ең алдымен сөз алған экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшанов жиынның мақсаты мен міндетін және зайырлы қоғамдағы дін мәселесі мен ұлттық құндылықтар туралы айтты.
Содан кейін Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай «Алматы қаласындағы діни ахуал және жастар тәрбиесі» тақырыбында әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, профессор Дариға Тұранқұлқызы «Сөйлеу мен тіл мәдениеті», Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов «Жүрек дерттері және одан арылудың жолдары: әл-Биркауи әдіснамасы», Абай атындағы ҚазҰПУ-дың PhD докторанты Руслан Өмірғазұлы «Зайырылық түсінігінің ұлттық құндылықтармен ұштасуы», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Құдайберді Бағашар «Дін насихатын жүргізуге қатысты кейбір маңызды мәселелер» тақырыбында баяндама оқыды.
Жиын барысында имамдар толғандырған сұрақтарына жауап алып, соңғы жылдары елімізде болған дін мен руханият саласындағы оң өзгерістерге қанықты. Соңынан Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесі барлық қала имамдарына сертификаттар табыстады.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
https://azan.kz/
31.01.2020
3430
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру