Маңғыстау облыстық «Бекет Ата» орталық мешітінде ақтаулық зиялы қауымға арнап жүздесу дастарқаны жайылды.
Жүздесуге Маңғыстау облыстық ардагерлер қоғамының мүшесі Саламат Нұров, өлкетанушы Алқажан Еділхан, облыстық мәслихат депутаты Қуанышбек Спанұлы, батагөй қария Лепес қажы Исаев сынды ұлт зиялылары қатысып, жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
Шарада Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы 2019 жылы Маңғыстау облысы бойынша атқарылған іс-шаралардың қорытынды есебін баяндады. Кеш қонақтары жасалған іс-шараға ризашылық білдіріп, ұйымдастырушы мешіт қызметкерлері мен жамағатқа алғыс айтты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
31.01.2020
3207
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру