Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастарға артылар міндет мол

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 31.01.2020 3046 0 пікір
Жастарға артылар міндет мол

Қаңтардың соңғы аптасында ҚМДБ «Жастар ісі секторының» Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі, «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Сұңғат Сәметовтың төрағалығымен сектор мүшелерінің жиналысы өтті. 

Өңірдегі орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өткен жиында қала және аудандар бойынша сектор мүшелері бас қосып, ҚМДБ Жастар ісі секторының 2020 жылға бекіткен жоспарын талқылады.

Сұңғат Қанатұлы қала және аудандағы сектор мүшелеріне жылдық жоспарға сәйкес, нақтылы тапсырмалар берді. Әрі олардың ай сайын жұмыс қорытындысын шығарып, есебін жолдап отыруы қажетті екендігін айтты.

Бұдан кейін сектор мүшелері жоспарға байланысты өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды. Алдағы уақытта жер-жердегі жас жамағатпен жұмыс бағытында атқарылып жатқан игілікті іс-шараларды «Нұр Ғасыр» сайтында және әртүрлі әлеуметтік желілерде жариялау керегі айтылды. Жалпы жастарды елдімекендердегі қарашаңырақ – мешіттердің айналасында тоғыстырып, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру мәселесі сөз болды.

Жиын соңында С.Сәметов жастарды сан алуан қоғамдық іс-шараларға қатыстырып, қайырымдылық бағытындағы және түрлі ізгілік бағытындағы іс-шараларға белсенді түрде тартуға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру