ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы Өскемен қаласындағы Облыстық балалар мен жасөсіпірмдер кітапханасында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта дәріс оқыды.
Іс-шара ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің «Адалдық сағаты» акциясының аясында өтті. Кездесуге Өскемен қаласының білім ордаларынан 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Оқушылар алдында бас имам:
«Исламда пара алу мен пара беруге қатаң тыйым салған. Қазіргі таңда республикалық және жергілікті ақпараттық топ өкілдері жат ағымдармен қатар парақорлыққа да қарсы насихаттар айтып, бұл іске өз үлестерін қосуда. Қазіргі қоғам дерті саналып отырған жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әр адам адал, ашық қызмет ету, сенімділікті орнату барлығынан да маңызды. Әсіресе ел ертеңі – жастар мен жасөспірімдер сыбайлас жемқорлықтың зардабы ауыр, еліміздің дамуын тежейтін, қоғамда әділетсіздік орнататын аса жағымсыз фактор екендігін сезіне білуі керек» деп айырықша атап өтті.
Ермек Қасболатұлы сонымен қатар балаларға адалдық, үлгілі тәрбие және білім алу турасында ғибратты насихат айтып, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Кітапхана басшылығы тәлімдік әрі тәрбиелік маңызы зор кездесу болғандығын атап өтіп, өкілдікке алғыс білдірді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
31.01.2020
2961
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру