Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Сатай ауылындағы семинар

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 30.01.2020 3030 0 пікір
Қостанай: Сатай ауылындағы семинар

Таяуда Алтынсарин ауданындағы Сатай ауылдық мектебінде «Дін және құқық» тақырыбында осы аудандық ақпараттық түсіндіру тобының жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушылары және мұғалімдердің қатысуымен семинар өтті.

Семинарда жоғарыда аталған топтың мүшесі, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дархан Кикимов пен аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Ерік Ыбырай дәріс жүргізді.

Онда көпшілікке топ мүшелері тарапынан діндегі адам құқығы, дін мен құқықтың бір-бірімен байланысы және басқа да маңызды мәселелер түсіндірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру