Ақсу қалалық мешітінің ұйымдастыруымен қалалық орталықтандырылған кітапханада Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Дін мен Сенім» атты іс-шара өтті.
Оған Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы, Ақсу қалалық мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп Омаров, зиялы қауым өкілдері мен Жаяу Мұса колледжінің студенттері, оқушылар қатысты.
Алдымен сөз алған Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы:
- Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылғанына 30 жыл. Осы даталы жылдың құрметіне біз 30 игі шара өткізуді жоспарладық. Ол жоспарымыздың ішінде хәкім Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай рухани-тәлімдік шаралар ұйымдастыру да кеңінен қарастырылған. Абай Құнанбаевтың қарасөздерін, өлеңдерін, өмірбаянын терең білу – біздің әрқайсымызға парыз, - дей келе, Хәкім Абай туралы көптеген мағлұматтар берді.
Бұдан соң Ақсу қаласындағы №2 мектептің оқушылары кезек-кезек Абай аталарының өлеңдерін жатқа айтты. Сәбит Дөнентаев атындағы мәдениет сарайының әншісі Нұрдос Нұртасұлы «Желсіз түнде жарық-ай» әнін нақышына келтіре орындады.
Ақсу қаласы мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп Омаров, тарих ғылымының кандидаты, профессор, Ақсу қаласының құрметті азаматы Болат Рахметолла Абай хакімнің болжап айтып кеткен сөздеріне тоқталып, Абай Құнанбайұлы нағыз діни адам болғанын тілге тиек етті.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған іс-шараға жиналған қауымның хормен «Көзімнің қарасы» әнін шырқауымен аяқталды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
30.01.2020
3264
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру