Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: «Шаңырақ» командасы үздіктер қатарында

«Тәжиден Батырұлы» мешітінің баспасөз қызметі 30.01.2020 3192 0 пікір
Орал: «Шаңырақ» командасы үздіктер қатарында

«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан намазхан балалардан құралған «Шаңырақ» футбол командасы Орал қаласында орналасқан мешіттердің имамдарымен футболдан жолдастық кездесу өткізді.

Ойын барысы өте қызу да, қызықты өтті. Бұл достық ойынының мақсаты – жасөспірімдерді салауатты өмір салтына шақыру, Ислам дінін ұстанып жүрген жастардың имамдармен тығыз қарым-қатынас орнатуына сеп болу.

Бір айта кететіні, «Шаңырақ» командасы – «Тәжиден Батырұлы» мешітінің тікелей қолдауымен 2019-2020 жылғы футзалдық лигада үздік өнер көрсетіп келе жатқандардың бірі. Қазіргі таңда топ басында, яғни, бірінші орында келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру