Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшылығы мешіт кітапханасына кітап тарту етті.
«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ашылған кітапханада келуші оқырмандардың рухани азық жинап, керекті мәліметтер алуына қолайлы мүмкіндік жасалған.
Бүгінгі таңда 4000-ға жуық кітабы бар кітапхана қорын ислам әлеміндегі білімді ғалымдардың кітаптарынан бөлек, қазақ дәстүрін баяндайтын жыр-дастандар жазылған әдебиеттермен және қазіргі заман әдебиеттерімен де толықтыру жоспарланып отыр.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
30.01.2020
2816
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру