Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Қала мешіттерінің жоспары талқыланды

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 29.01.2020 2497 0 пікір
Ақтөбе: Қала мешіттерінің жоспары талқыланды

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қаланың бас имамы Амантай Садиев жергілікті имамдардың басын қосып, жиналыс өткізді.

Жиында ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай, «Нұрдәулет», «Бақытжан», «Сүлеймен ата», «Қабақ баба», «Досжан хазірет», «әс-Сәләм», «әл-Ләтиф» сынды қала мешіттерінде биыл қолға алынып, атқарылатын сан-салалы жұмыс жоспары талқыланды.

Ақтөбе өкілдігінің тапсырмасына сәйкес күнделікті жұмыс барысы, соның ішінде қала мешіттеріне мониторинг жүргізу жайы егжей-тегжейлі пысықталды. Атап айтқанда, бесін-ақшам намаздарында уағыз айту, Ақтөбедегі оңалту жұмыстарына РАНТ және ЖАНТ мүшелерін тұрақты шақырып отыру енгізілді. Қалың жамағаттың бірлігін арттыру мақсатында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты уағыз дастарханын ұйымдастыру барлық қала мешіттеріне міндеттелді.

Мұнымен қоса, қажылыққа баруды көздейтін жерлестеріміз үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және мүфтиятқа қарасты «Тауаф Тревел» компаниясын жамағат арасында насихаттау бағытындағы жоспар талқыланды. Сондай-ақ, Халал стандарттау бөлімі, Жастар ісі секторы, Әйел-қыздар секторы жоспарларына сәйкес, қалада жыл бойы атқарылатын бұқаралық іс-шаралардың жоспары бекітілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру