Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Турнирден түскен қаржы мұқтаж отбасыға берілді

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 29.01.2020 2420 0 пікір
Турнирден түскен қаржы мұқтаж отбасыға берілді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы, Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» мешіті және «Қазалы қайырымды жандар» еріктілер тобының ұйымдастыруымен кіші футболдан облыстық қайырымдылық турнирі өтті.

Діни басқарманың 30 жылдығы және Еріктілер жылының құрметіне орай, қайырымдылық мақсатында өткізілген жарысқа 21 құрама қатысты. Турнирден түскен қаражат мұқтаж отбасыға табысталды.

Жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды «Жанқожа батыр», «№70 мектеп», «Жәрімбет» құрамалары қанжығаға байлады. Ал Ж.Смағұлов, Н.Сәтбаев, А.Жалеке сынды ойыншылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» аталымдары бойынша марапатталды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру