Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкжайықта көкпар өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 29.01.2020 3123 0 пікір
Көкжайықта көкпар өтті

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Көкжайық ауылдық мешіті ауыл шабандоздары арасында көкпар сайысын өткізді.

Сайысқа бірнеше команда қатысып, көкпаршылар білек күші мен ат құлағында ойнайтын шеберлігін сарапқа салды. Сайысты тамшалауға ауыл халқы мол жиналды.

«Көкпарды ҚМДБ-ның 30 жылдығына арнап өткізіп отырмыз. Осы спорт түрін одан ары дамыту және жастардың ат спортына деген қызығушылығын ояту бағытында бірнеше шара жоспарланып, іске асуда. Көкпар – ежелден келе жатқан ата-бабамыздың ұлттық ойыны. Біз бабадан мұра болған бұл спорт түрін дамытуымыз керек» деді Көкпекті ауданының бас имамы Нұрнәсір Дүйсен.

Бас имам осы бастаманы іске асырған ауылдық мешіт ұжымының еңбегін жоғары бағалады. Сайыстың көрігін қыздырып, жұрт көңілінен шығып, жеңіске жеткен командалар ауыл мешіті атынан марапатқа ие болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру