Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жайық-ет» құсфабрикасы сертификат алды

Халал өнімдерін сертификаттау бөлімі 29.01.2020 2371 0 пікір
«Жайық-ет» құсфабрикасы сертификат алды

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Батыс Қазақстан облысы бойынша жауапты өкілі Асхат Асылбеков «Жайық-ет» құсфабрикасына «ҚМДБ Халал» сертификатын табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, «Жайық ет» құс фабрикасына «ҚМДБ халал» стандарт талаптары бойынша жұмысын сәйкестендіру үшін 2 ай сынақ мерзімі берілген болатын. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін, қайта тексеріс жүргізілді.

Тексеріс барысында құстың инкубаторда өсірілуі, құс жемі ретінде таза өнімді қолдану, «Бисмиллах» айтып қолмен бауыздау секілді халал стандарт талаптарының қатаң сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, сулы ванна температурасы, конвейрде айналу ұзақтығы, салқындатқышта ұстау уақыты секілді жұмыстардың орындалу ұзақтығының халал стандартқа сәйкес келуі есептелінеді.

Соңғы тексеріс оң нәтежиені көрсеткеннен кейін ғана «Жайық ет» құсфабрикасына «ҚМДБ Халал» сертификаты табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру