ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Елжанов Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды.
Ол мұнда музей директоры Тамара Жұмалиева мен Маңғыстау өңіріне белгілі қаламгер, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлымен кездесіп, музей жұмысымен танысты. Жүздесудің салт-санамызды дәріптеп, ұлттық дәстүрімізді ұлықтап, оны дініміздің асыл құндылық-қағидаларымен ұштастыру арқылы салауатты ұрпақ қалыптастырудың тиімділігі жайлы бастамалар айтылды.
Бас имам ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына «30 игі шара» жобасы негізінде Ислам тарихы мен салт-дәстүрімізден сыр шертетін арнайы көрме өткізу керегін тілге тиек етті. Отыншы Көшбайұлы өзінің Маңғыстау өңірінің тарихынан сыр шертетін «Маңғыстау ғашықтары мен арулары», «Жусан исі» атты кітаптарын бас имамға сыйға тартты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
28.01.2020
3129
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру