ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен дінтанушы және араб тілінің маманы, білікті ұстаз Жайна Сандыбаева әйел жамағатымен кездесті.
Облыстық мешітте өткен кездесуде сектор жетекшісі Л.Сыдықова және Жайна Бисенғалиқызы «Исламдағы отбасы» тақырыбында «өнегелі отбасы құпиясы», «отбасы институтындағы әйел тұлғасы мен қызметі», «ерінің разылығын алу», «бала тәрбиесі», «шаңырақ берекесін арттыру» жайлы насихат айтып, еркін сұхбат жүргізді.
Сұхбат соңында қыз-келіншектер сұрақтарын қойып, тұрмыстық мәселелер бойынша кеңес алды.
Сонымен қатар еріктілер жылына орай, сектор жанынан құрылған еріктілер тобына қосылуға ниетті жандардың тізімі жасалды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
27.01.2020
2748
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру