Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін айтудан білім сайысы өтті

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 27.01.2020 3694 0 пікір
Абай-175: Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін айтудан білім сайысы өтті

ҚМДБ Семей өңірі бойынша Жоламан Ақ мешітте сауат ашу курсының ұстазы Динара Тұрлықожанова мен «Үш қоңыр» медресе-колледжінің төртінші курс студенті Данагүл Кенжеқалидың ұйымдастыруымен шәкірттер арасында білім сайысы өтті.

Сайысқа Жоламан мешіті мен Жарқын ауылының мешітінде білім алып жүрген қыз-келіншектер қатысты. Екі топтан құралған сайыс үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар алдымен 40 парыз бойынша сұрақтарға жауап берсе, екінші кезеңде дін мен дәстүр сабақтастығы бойынша белгілі бір тақырыпқа хадис пен мақал айтудан және Хәкім Абайдың қара сөздерін түсіндіруден сынға түсті. Ал үшінші кезеңде ақын өлеңдерін жатқа оқудан жарысты. Қатысушылар қазақты әлемге танытқан хәкім Абай өлеңдерін ана тілінде ғана оқып қоймай, орыс және ағылшын тілдерінде жатқа айтып, сайыс қызықты өтті.

Сайыс барысында белсенділік танытып, оқ бойы озық шыққан Жоламан Ақ мешіт шәкірттері алға шықты. Мешіт атынан барлық қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру