Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Бас имам Түпқараған ауданында болды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 27.01.2020 3153 0 пікір
Маңғыстау: Бас имам Түпқараған ауданында болды

Өткен аптада, қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Елжанов Түпқараған ауданында болды.

Бас имам аудан әкімі Айбек Қосуақұлының қабылдауында болып, өңірдің діни ахуалы, қоғамдағы діннің рөлі және діни бірлестіктер жұмысын жетілдіру жайын талқылады. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойын аудан деңгейінде атап өту туралы сөз болды. Айбек Қосуақұлы шараға аудан әкімшілігі тарапынан қолдау болатынын уәде етті.

Одан әрі бас имам Түпқараған аудандық орталық мешітінде жұртшылықпен кездесіп, жұма намазын өткізді.

Жастарға тәрбие беруде, ауданның қоғамдық өміріндегі түйткілді мәселелерді шешуде белсенділік танытып келген Түпқараған ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Боқан Таңғұлов ағамызбен де кездесу өтті.

Сапар барысында бас имам Таушық және Сайын Шапағатов ауылдық мешіттерінің жұмыстарымен танысты. Бүгінде аудан бойынша 4 мешіт жұмыс істеп тұр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру