Қызылорда қаласы әкімдігі, «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ-нің ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Сыр жастарымен кездесу өтті.
«Имандылық –жарасады ұл-қызға» тақырыбында өткен кездесуге ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова, қалалық «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы Ж.Садықов, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог мамандары, орта және ЖОО студенттері мен оқытушылары қатысты.
Шараның мақсаты – жастарды жат ағым идеологиясынан қорғау және дәстүрлі дінімізді насихаттау.
Кездесуде мамандар уағыз-насихаттарын айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөліссе, жастар толғандарған сұрақтарын қойып, спикерлермен пікір алмасты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
26.01.2020
2724
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру