Діни басқарманың «30 игі шара» жобасы аясында Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жаңа бастаманың ұйытқысы болып отыр.
Жоба дәретханасы жоқ ауылдық мешіттерді дәретханамен қамтамасыз етуді көздейді. Алғашқы мешіт дәретханасы Индер ауданына қарасты Жарсуат ауылында тұрғызылды. Ерлердің, әйелдердің дәретханасы бөлек орналастырылған. Және дәрет алатын орын да арнайы қарастырылған. Ауылдық жер болғанына қарамастан, дәрет алатын орын ыстық және суық сумен қамтамасыз етілген.
«Жоба барысында қаланың кәсіпкерлерін ауылға тартып отырмыз. Жоба аясында онға жуық ауыл мешіттерін дәретханамен қамтамасыз ету көзделген. Сонымен бірге, заман талаптарына толықтай жауап беретінқұдық та қазылады» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
http://www.islam-atyrau.kz/
25.01.2020
4188
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру