Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Діни кеңес беру орталығы ашылды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 24.01.2020 2560 0 пікір
Қызылорда: Діни кеңес беру орталығы ашылды

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Шариғат және пәтуа бөліміне қарасты «Діни кеңес беру» орталығы ашылды.

Орталықтан кез-келген қала тұрғыны өзін толғандырған сұраққа жауап, күнделікті өмірде кездесетін түйткілді мәселелері бойынша кеңес және пәтуа ала алады. Мұнда Нұр-Мүбарак университеті және Мысырдағы «әл-Азхар» университетінде білім алған наиб имам Жеңіс Әбибуллаұлы бастаған білікті мамандар аптасына жеті күн 9:00-18:00 уақыт аралығында тегін қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, тікелей қоңырау шалу арқылы, Telegram, Whats’App мессенджерлерінде ерлерге және әйелдерге арналған «Діни сұрақ-жауап» топтары ашылып, орталық қызметі қарқынды жүруде.

Байланыс телефондары:

+7 707 9 21 47 15, +7 7242 21 47 15

Мекен-жайы:

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру