Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ермек Қасболатұлы кітап тұсаукесеріне қатысты

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 24.01.2020 2467 0 пікір
Ермек Қасболатұлы кітап тұсаукесеріне қатысты

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған өңірдің ардагер журналисі Шәкерхан Әзмұханбетовтың «Ислам взгляд изнутри и извне» атты кітабының тұсаукесер шарасына қатысты.

Шараға жиналған зиялы қауым өкілдерімен жастардың алдында ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы сөз сөйледі.

«Шәкерхан Әзмұханбетұлы біздің мешітіміздің алқа мүшесі, бірқатар кітаптары басылып шыққан ардагер журналист ретінде құрмет тұтамыз. Асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауға арналған бұл туындысы оқырманның таным-түсінігін кеңейте түседі. Кітапта діни мәселелерге көзқарас және ой-толғамдардан құралған» дей келе Ермек Қасболатұлы ардагер қаламгерге сәттілік тіледі. Сонымен қатар өз сөзінде аталған туындының діни сауаттылықты арттырудағы маңызы туралы айтып, кітаптан түйткілді сұрақтардың жауабын табуға болатынын жеткізді.

Жиында сөз алған зиялы қауым өкілдері оқырман қауым үшін және жастардың дұрыс діни бағытты таңдап дәстүрлі Ислам жолына түсуіне осындай кітаптардың ықпалы зор екендігін айтты. Автор Ш. Әзмұханбетов «Ислам взгляд изнутри и извне» кітабын «Халифа Алтай» мешітінің кітапханасына сыйға тартты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру