Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елорда мешіттері қайырымдылық челленджін бастады

http://muslim.kz/ 24.01.2020 2559 0 пікір
Елорда мешіттері қайырымдылық челленджін бастады

Нұр-Сұлтан қаласындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты елорда мешіттері «Ізгі қала тұрғындары» атты қайырымдылық челленджін бастады.

Кешеден бері көз аштырмастан үдей соққан ақтүтек боран талай жанды жолда қалдырып, қаһарлы қыстың қаталдығын көрсетіп бағуда. Көліктер қарға кептеліп, жаяу жүргіншілердің жағдайы ауырлаған осы бір шақтарда ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі жұрт болып жұмыла өткізуге шақырады.

Осыған орай, ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігі «Ізгі қала тұрғындары» атты қайырымдылық челленджін бастап, барлық мешіт қызметкерлері қала тұрғындарын тегін тасымалдауға кірісті. Игі шараға Бас шаһардағы 12 мешіт қызметкері түгелдей атсалысуда.

Құрметті қала тұрғындары! «Ізгі қала тұрғындары» қайырымдылық челленджіне сіздер де атсалысыңыздар!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру