Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Шұжық цехы тексерілді

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 23.01.2020 2895 0 пікір
Семей: Шұжық цехы тексерілді

ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің бас технологы Айжан Омарова мен сарапшы-технолог маманы Данияр Сафиев Семей қаласына арнайы іссапармен барды.

Іссапар барысында технологтардың қатысуымен «Арай East Food» шұжық цехында айлық тексеріс жұмыстары жүргізілді. Тексеріс нәтижесі бойынша, «Арай» шұжықтары ҚМДБ халал стандарт талаптары бойынша өндірілетіндігі анықталды.

Сонымен қатар, Семей қалалық мешітінде «Ас адамның арқауы» тақырыбында ауқымды оқу-семинар өтті. Оған аймақтағы ірі және шағын өндірісі бар кәсіпкерлер, ет саудасымен айналысатын қасапхана иелері мен қасапшылар, мешіт ұстаздары, имамдар және өзге де ас-суының адалдығына аса мән беретін тұтынушылар қатысты.

Адал астың құлшылығымыз бен өмірімізге тигізер пайдасы мен зияны, халал стандарт бойынша өнім өндіру технологиясы, «Е тағамдық қоспалар» турасында кеңірек ақпарат беріліп, технологтар дайындаған «Тағамдық қоспалар» кітабының мазмұны таныстырылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру