Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай-175: Күршім мешіті Абай тойын өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 23.01.2020 2897 0 пікір
Абай-175: Күршім мешіті Абай тойын өткізді

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мешіті аудандық кітапханамен бірлесіп рухани-мәдени іс-шара өткізді. Алқалы жиынға аудан жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, мектеп оқушылары мен кітапхана қызметкерлері және ақсақалдар, жастар қатысты.

Іс-шараға жиналған қауым алдында «Күршім аудандық мешітінің» бас имамы Тілейбек Соянұлы сөз сөйледі. Бас имам:

«Абай руханияты – күллі адамзатқа ортақ құндылық. Абай ар мен иманға, өнермен ғылымға бағыт сілтейтін шамшырағымыз. Абай тағылымын санамызға еркін сіңіруіміз керек. Сондықтан Абай құндылығын дәріптеудің маңызы жоғары» деп ерекше атады.

Т.Соянұлы сонымен қатар Абайдан тәлім алуға, Абай мұрасымен әр адам жан-жақты танысып, рухани толысуға аса қажетті екендігін жеткізді.

Іс-шарада Абай әндері шырқалып, өлеңдері оқылып, жас Абай атты қойылым көрермен назарына ұсынылды. Абай тағылымы асқақтаған игі шараны тамашалаған қауым ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру