Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр имамдарының жиыны өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 23.01.2020 2856 0 пікір
Сыр имамдарының жиыны өтті

Қызылорда қаласының «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкілдігіне қарасты қала және аудан орталықтарындағы мешіттердің Бас имамдары мен наиб имамдарының қатысуымен алқалы жиын өтті.

«30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» ұранымен өткен жиынның күн тәртібіне сәйкес, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Алтын Орданың 750 жылдығы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығы және  «Еріктілер жылы» аясында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Хазреттің бастамасымен қолға алынған мұқтаж «30 отбасыға және шалғай ауылдардағы 30 дін қызметкеріне баспана сыйлау», «30 зиратты қоршау», «30 көпір, 30 құдық», «30 мешітті күрделі жөндеуден өткізу», «30 мешітке қоғам қайраткерлерінің есімін беру» сынды «30 игі шара» жобасына елеулі үлес қосу және әр түрлі форматта іс-шаралар ұйымдастыру қажеттігін алға тартты.

Сонымен қатар,  «Шариғат және пәтуа», «Уағыз насихат»,  «Әйелдер-қыздар» секторы, «Жастар ісі» секторы, «Халал өнімдерді стандарттау және сертификаттау», «Мешіт істері», «Тауаф қажылық», «Зекет қоры» бөлімдері бойынша жоспарлы және теріс ағым өкілдерімен үздіксіз қарқынды жұмыстар жүргізілу керектігін айқындап, жүзеге асырылуын қадағалауды тапсырды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру