Петропавл қаласының «БАРКИ» ықшам ауданында СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен шаңғы жарысы өтті.
Оған жоғары оқу орындары мен колледж студенттері және мешіт шәкірттері қатысты.
«Аязды, ашық ауа райы – шаңғы жарысын өткізу үшін таптырмас күн. Оның үстіне жарыс жолы да арнайы жақсылап дайындалған. Жоғары оқу орнының және колледждің студенттері білім ордаларының үмітін арқалап келген. Аралас эстафета еркін стильде өтті. Қашықтық – 2 шақырым. Жарыс төрешілерінің айтуынша, командалар өте жақсы дайындықпен келген» дейді ұйымдастырушылар.
Шаңғы жарысы студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қысқы спорт түрлерін дамытуға үлес қосу бағытында ұйымдастырылды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі
23.01.2020
4176
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру