Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы барлық өңір бойынша мешіттерге түсіп жатқан қаржының ашықтығын қадағалау мақсатында мешіттерге садақа қабылдау терминалдарын орнату жайлы міндет жүктеген еді.
Осы тапсырмаға сай ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілдігі орталық мешітінде садақа қабылдайтын садақа терминалы орнатылды.
«Мешітке дұға тілеп, құран оқыту үшін келген жамағат, садақасын жәшікке салмай, терминал арқылы да төлей алады. Ол қаражат орталық «Қос мұнаралы» мешіттің есепшотына түседі. Аталған бастама мешіт имамдарының діни һәм рухани тұлғалығына ел алдында оң әсерін береді» деді Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы.
Алдағы уақытта осы бастама бойынша Семей аймағына қарасты қала, аудандарда мүмкіндігіне қарай терминал қою жоспарлануда.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
22.01.2020
3273
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру