Нұр-Мүбарак университетінің «Исламтану» мамандығында оқитын 4-курс студенттеріне арналған практикалық сабақтар басталды.
Әр жылда өтетін дәрістер тақырып алуандығымен ерекшеленеді. Былтыр практикалық сабақтарда Исламдағы ер мен әйелдің рөлі, ажырасу мәселесіне тоқталған. Ал биыл Исламда жатырды жалға алу қаншалықты қарастырылған, үкімдері қандай деген секілді тақырыпта дәріс өтті.
Ол дегеніміз ерлі-зайыптылардан алынған аталық ұрық пен аналық клетканы арнайы түтікшелерде сырттай ұрықтандырып, құрсақ ана (суррогат) қызметін ақылы немесе ақысыз түрде атқаруға ризашылығын білдірген бөтен әйелдің жатырына салады. Әл-Азһар университетінің түлегі, исламтанушы, магистрант Асқарбек Сарипбеков мұндай жолмен бала табуға шариғатта рұқсат жоқтығын айта келіп, кеңірек келесі дәрісте оқитынын айтты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
22.01.2020
2963
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру